Шымкенттік туристердің өзіндік Tolem картасы болады

Screenshot_15.jpg

Шымкент қалалық туризм басқармасының мамандары мегаполис қонақтары үшін «Төлем» туристік картасы пайда болатынын, онда барлық баратын орындарға жеңілдіктер қарастырылғанын айтты.

Ұйымдармен келіссөздер жүріп жатыр. Туристерге арналған Тolem кәдімгі саяхат картасынан біршама ерекшеленеді. Келушілер баратын нысандарда – дәмханаларда, мейрамханаларда, театрларда, көрмелерде Тolem туристік картасының иесіне жеңілдіктер қарастырылған. Ол шымкенттіктерге емес, белгілі бір мерзімге ғана келген қонақтарға арналады.

Жоспарланған жобаның басты міндеті – Шымкент қаласының туристік мекемелерін біріктіріп, сол арқылы туристерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуге үлес қосу.

Қонақтардың қаламызға қайта келуге құштарлығы болуы үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру қажет дейді мамандар. Шымкентте қазірдің өзінде арнайы веб-сайт жұмыс істейді. Оның көмегімен еліміздің кез келген аймағынан спектакль немесе концертке орын брондауға болады. Сонымен қатар туристерге арналған ақпараттық орталық бар, олар ақпарат береді. Және де заңгерлік кеңес береді және ұсынады. Бұдан бөлек әртүрлі экскурсияларды ұйымдастыру қызметтері жұмыс істейді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған