Инвестициялық штабтың кезекті отырысында ауыл шаруашылығы мәселесі талқыланды

Халыққа арналған былтырғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өңдеуші кәсіпорындардың отандық ши­кізатқа қолайлы бағамен толық қол жет­кізу мәселесі де жүйелі түрде шеші­луге тиіс» - деп атап өткен болатын.

image.png

Осы негізде, ауыл шаруашылығы саласында 2021-2025 жылдар аралығында іске асырылатын жобалар, жаңа инвестициялар тарту және инвестициялық жобалар мәселесі талқыланды. Штаб отырысына ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекзаназаров пен Айгүл Қапбарова, сондай-ақ, басқарма басшылары, инвесторлар қатысты. 

Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековтің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы саласында 2021-2025 жылдары 71 инвест жобаны іске асыру көзделген. Өсімдік шаруашылығы бойынша – 19, мал шаруашылығы – 34, қайта өңдеу – 8, сауда  – 10 жоба. Осыған орай 12,7 мың жұмыс орны ашылады. 

image.png

2021 жылы 32 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы – 7, мал шаруашылығы – 17, қайта өңдеу – 3, сауда саласында – 4 жоба. Айта кетсек, жылыжай бағытында «Agro Park kz» ЖК, «Nur Alem Agro» ЖШС, «AiDi Agro Trade» ЖШС 2021-2022 жылдары әлеуетті инвест жобаларды қолға алмақ. 

Етті-сүтті бағытта биыл «Зертас» ШҚ кеңейту, «Наурыз» ЖШС, «Алтынсай» және тағы басқа шаруа қожалықтарын одан әрі дамыту көзделіп отыр.

Сонымен қатар, жиында көпқабатты тұрғын үй, бизнес орталықтары, сауда орындары, өнеркәсіп салалары бойынша жаңа жобалар ұсынылды. Бұл жөнінде «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Б.Канкин мен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков баяндады. 

Штаб отырысында инвестиция тарту бағытында жер телімдерін рәсімдеу, инфрақұрылым жүргізу мәселелері талқыға түсті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған