Үшінші мегаполис экономикасының негізгі қайнар көзі индустриалды аймақ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен 2010 жылы Қазақстанда тұңғыш рет үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қабылдаған болатын. Аталмыш бағдарламаның алғашқы кезеңі 2014 жылға дейінгі аралықты қамтып, 2015-2019 жылдарға арналған кезең іске асырылған еді. Бүгінде, 2020-2025 жылдарға арналған үшінші кезең тиімді түрде жүзеге асырылуда. 

image.png

Осы негізде, Үшінші мегаполисте де бағдарлама аясында жаңа кәсіпорындар құрылды. 

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке ДҮЙСЕБЕКОВТІҢ мәліметінше, ҮИИД-тің бірінші бесжылдығында шаһарда 89 млрд. теңгеге 63 кәсіпорын бой көтерді, соның нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.  Екінші бесжылдықта 97,4 млрд. теңгеге 41 жоба қолдау тапты. Соның арқасында 2,5 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасты. 

image.png

2020-2021 жылдар кезеңінде 414,3 млрд. теңгеге 90 жоба қолға алынды. 7,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Өткен жылы 21 жобаны жүзеге асыруға 37,5 млрд. теңге жұмсалыпты. Бір мыңдай адам өздеріне тұрақты жұмыс тапқан.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған