Түркістан облысының Төлеби ауданында қазіргі таңда глэмпинге лайықталған демалыс кешендері қарқынды жұмыс істеуде. Әсіресе , талайдың таңдайын қақтырған «Біркөлік шатқалында» мұндай орындардың көбейіп отырғандығы қуантады. Себебі туристік нысандардың көбеюі бәсекелестік қабілеттілікті арттыра түседі. Ал бәсеке бар жерде сапаның болатыны сөзсіз.
Өңірдің туристік әлеуетін көтеруге өз үлесін қосып отырған нысанның бірі – Біркөлік шатқалында орналасқан «Нұр-Тау» демалыс аймағы. Демалушылардың көңілінен шығып жүрген бұл кешенде керемет демалыс үшін барлық жағдай жасалан.
Мәселен:
- Зәулім коттедж
- Сауна
- Бассейн
- Тапшандар
- Караоке
- Бильярд
- Балалар ойын алаңы
- Би алаңы
- Холл-Зал
Осындай керемет мекенде таудың таза ауасымен тыныстап, бір сәтке күйбең тірлікті ұмытыңыз. Себебі «Нұр Тауға» келсеңіз айналыңыз нұранып сала бермек. Ендеше, өзіңізге, жақындарыңызға ұмытылмас, керемет демалыс сыйлауға асығыңыз!