Көру қабілеті төмен спортшылар арасында спартакиада басталды

Screenshot_13.jpg

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамнан жырақтап қалмау керек. Олар өз кемшіліктерінен ұялмай, қысылмай, қоғамда өзін еркін ұстағаны абзал. Мұндай азаматтарға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілгені абзал. Сонда ғана олар өздерін қоғамға керек екенін сезініп, өмірге деген құштарлықтары артары сөзсіз.

Осы орайда Шымкентте тірек қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI спартакиадасы басталды.

Көрме орталығында өтіп жатқан жарыстың ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов және қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев қатысты. 

Жарыста еліміздің 17 аймағынан келген 263 спортшы бақ сынауда. Оның ішінде 86 спортшы тоғызқұмалақ, 82 спортшы дойбы және 95 спортшы шахматтан бәсекеге түседі. Жарыстың финалдық кезеңдері және жабылу салтанаты 25-қыркүйекке жоспарланған.

Айта кетейік, дүбірлі дода 21-25 қыркүйек аралығында өтеді. Спорттық бәсекеге қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған