«Ақайдар» - ерекше демалысқа таптырмас орын

image.png

Бүгінгі таңда Төлеби ауданы аумағында 85 туристік нысан қызмет көрсетеді. Өткен жылы туризм саласына 3,5 миллиард теңге инвестиция тартылып, 39,7 мың адамға 865,4 миллион теңгенің қызметі көрсетілді. Ағымдағы жылы 1,8 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Сонымен қатар, келушілердің саны 43,5 мың адамды құрап, 870 миллион теңгеге қызмет көрсету күтілуде.

Бұл көрсеткішке жетуге Бірінші Мамыр ауылында орналасқан «Ақайдар» демалыс кешенінің қосқан үлесі зор.

 Эксклюзивты дизайнда жасалған демалыс орны мерекелік кештерді, той-думандарды атап өтуге керемет мекен. Себебі мұнда 250 адамға дейін жиын өткізе аласыз. Банкеттер мен корпоратив кештерге арналған ашық аспан астындағы және жабық залдар бар. 

Коттеджеде сізді  жайлы төсек орын, ыңғайлы қонақ бөлме, ас бөлме күтуде. Үлкен бассейнде және моншада сергіп алсаңыз да болады. Караокеде ән салуды ұнататындарға да жағдай жасалған. 

image.png

Сондай-ақ мұнда тек көңілді кештерді өткізіп қана қоймай отбасыңызбен ұмытылмас демалысты өткізе аласыз. Табиғи көлде қайықпен жүзіп, әсем табиғат аясын айналысуға мүмкіндік жасалған. 

Су үстіндегі тапшандар жазда керемет салқындықты сыйлайды. Ал аспаздар қонақтарды дәмді тағамдармен таңқалдырады. 

Атаулы мереке немесе демалыс  күніңізді ерекше атап өткізгіңіз келсе, осында келіңіз!

image.png

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді