Балалықтың куәсі болған - «Көктөбе»

image.png

Төле би ауданындағы демалыс орындарының ішінде балалар лагерінің орны бөлек. Себебі еліміздің болашағы балалардың жазғы демалыстарын қызықты, көңілді әрі тиімді өткізгені маңызды.

Сондай-ақ таза ауа, керемет табиғат та балалардың денсаулығына айтарлықтай оң әсерін тигізеді. Әне-міне дегенше оқу жылы да аяқталуға таяу қалды. Сондықтан  Қасқасу ауылдық округіндегі  «Көктөбе» жазғы сауықтыру лагері балаларды қабылдауға дайындық үстінде. 

Мұнда патриоттық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау бағытында қызықты, танымдық шараларға басымдық беріледі. 

image.png

Демалушы балалар  5 мезгіл тамақпен қамтылады. Ұсынылатын тағамдар санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес қатаң тексеріледі.  7-16 жас аралығындағы балалар мұнда тау бөктерін аралап, табиғатпен етене танысып, таза бассейнге шомыла алады. Сондай-ақ түрлі интеллектуалды, спорттық ойындар ойнап, білімін арттыра алады. Шығармашылықпен айналысып, театр, жайдарман секілді көңіл-көтерер концерттік бағдарламаларды тамашалауға мүмкіндік алады. Балалардың қауіпсіздігі  100 пайыз  қорғалған  және медициналық көмек те қарастырылған. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді