Тамақ өнеркәсібі – халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырып келе жатқан салалардың бірі. Жалпы, осы негізде Шымкент қаласында тамақ өнеркәсібір саласында 161 кәсіпорын жұмыс істейді. Мұнда 2,9 мың адам жұмыспен қамтылып, 8 ірі және орта өндірістер қызметін жандандыруда.
Тамақ өнеркәсібі қазіргі таңда Шымкент қаласында дамып жатқан өңдеу өнеркәсібінің басты салаларының бірі. Үшінші мегаполис дәмді тағамдары мен тамақ өнімдерінің бағасының тиімділігімен танымал. Аталған салада жеке инвестициялар тарту көлемі 2жыл басынан бергі 4 айда саладағы өнім көлемі 41,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға артқан. 2021 жылдың 4 айында 0,2 млрд теңге инвестиция қаржысы игерілді.
Тамақ өнімдерін өндіру саласында 2020 жылы 2 инвестициялық жоба іске қосылған болатын. 2021 жылы 3 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде жемістер мен көкөністерді қайта өндіру бойынша екі жоба, жылына жалпы 12 млн дана банкі шығарылатын болады. Сонымен қатар, ас және техникалық тұзын өндіру жобасы іске қосылып, жылына 10 мың тонна өнім өндірілмек.
Қалада өндірілген тамақ өнімдері шетелдерде сұранысқа ие. Экспорт көлемі 2020 жылы 125,3 млн. АҚШ долларын құраған еді. Ал 2021 жылы 2 айда бұл көрсеткіш 19,8 млн. АҚШ долларына жетті. Бұл алдынғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға артып отыр.
Негізінен, ұн өнімдері (12,4 млн АҚШ долл), күнбағыс майы (15,0 млн АҚШ долл.), макарон өнімдері ( 0,239 млн АҚШ долл) алыс және жақын шетелдерге экспортқа шығарылуда.
Айта кетсек, Шымкент қаласында «Шымкентмай» АҚ, «Арай» ЖШС (өсімдік майлар), «Алтын дән» ЖШС (ұн, сүт және макарон өнімдері), «Рахат-Шымкент» ЖШС, «PIONEER» ЖШС, «Мадлен-КZ» ЖШС, «Ладушки» ЖШС (кондитерлік өнімдер), «Барыс 2007» ЖШС (макарон өнімдері), «PIONEERGrainProducts» ЖШС (ұн өнімдері), «Шымкент-Құс» ЖШС (құс еті) және тағы басқа ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.