Төңкерісте демалыс орындары көбеюде

image.png

Төлеби ауданында Алатаудың баурайындағы Төңкеріс деген ауыл бар. Ауылының табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Соңғы жылдары мұнда туристерге арналған демалыс орындары көбейіп келеді. Соның ішінде  этнотуризм бағытындағы «Балдыберек" демалыс аймағын атауға болады. Тау түбіндегі нысанда демалушылар атпен серуендеп, садақ атуға, балалар ұлттық ойындармен сусындауға мүмкіндік қарастырылған. Демалыс аймағының басты ерекшелігі  - сақ моншасы. 

Мұнда келушілерге алдымен мол дастархан жайылып, ыстық тамаққа қой етінен пісірілген бір кесе сорпа береді. Бұдан соң жұрт моншаға кіреді. Нысанның төбесі мен қабырғалары қамыспен қапталған. Ауасы жеңіл – артық буы сыртқа шығып тұрады. Монша ортасында пештің үсті 9 түрлі таспен толтырылған. Тасқа су сепкенде әлгі тастардан жұпар иісті буы шығып, монша ішін жайлайды. Моншашы әрбір адамды қайың жапырағынан жасалған екі сыпырғымен желпіп сабалап шығады. Бұл процедура моншаға түсу барысында екі мәрте жасалады. 

image.png

Ал тереңдігі 2 метрге жуық шағын бассейнге түскенде, адамның бүткіл денесі шымырлап сала береді. Бұдан кейін моншаға түсушілер астына от жағылған алып тайқазанның ішіне отырып, 9 түрлі шөп пен жидекті қосып қайнатқан шайға бал салып ішеді. Моншаға түсу аяқталған соң, жұрт арнайы кабинадағы душқа түседі. Сүртініп, таранып болған соң, тағы да дастарханға отырады. Бұл кезде ыстық тамаққа сірне береді, шөлді дәрумен шөптер мен жидек қосылған шаймен басады. Сақ моншасының рахатын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны тек мұнда келген адам ғана сезіне алады... 

 «Балдыберекте» демалушылар тапшанда тынығып, кербез табиғатты тамашалай алады. Сондай-ақ киіз үйлерде тамақтанып, жақын адамдарыңызбен арқа-жарқа болып демалуға болады. Демалыс аймағында шектеусіз ғаламтор да қолжетімді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді