Үшінші мегаполис экономикасы ілгерілеуде

Еліміздің Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында экономиканың 7 көрсеткіші бойынша екі өңір ғана өсім көрсеткенін атап өткен болатын. Оның сөзінше, экономиканың 7 көрсеткіші бойынша оң өсім Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысы көрсетті. 

image.png

Ал, 6 көрсеткіш бойынша бес өңірде өсім тіркелген екен. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев сауда және көлік бойынша жағдай жақсарып келе жатқанын, бұл өңірлердегі іскерлік белсенділіктің артқанын баса айтты. 

- Сауда бойынша 13 өңірде өсім байқалады. Бұл ретте бөлшек сауда 6,2 пайызға өсіп, ішкі сұраныстың қалпына келуін көрсетеді. Атырау облысынан басқа, Маңғыстау облысы және Шымкент қаласының көлік саласы бойынша қызмет көрсету жақсарды, - деді Әсет Ерғалиев.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономикалық өсімді қалпына келтіру үшін ірі компаниялармен инвестициялық келісімдерді іске асыруға, ауыл шаруашылығы және құрылыс-монтаж жұмыстарының маусымын белсенді өткізуге және «Жұмыспен қамту жол картасы» мен «Еңбек» бағдарламалары аясында таргеттелген тұрақты жұмыс орындарын құру қажеттігін айтты.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған