Туризмі озып тұрған Төлеби ауданында ағымдағы жылы құны 803 млн теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Оның ішінде:
- Қасқасу ауылдық округінде «Көктөбе» демалыс аймағының ішінен құны 513 млн теңгені құрайтын қонақ үй құрылысы жүргізілуде, 10 жаңа жұмыс орны ашылатын болады;
- Алатау ауылдық округінен жеке кәсіпкер «Сақыбаев С.» құны 100 млн теңгені құрайтын қонақ үй құрылысын жүргізуде, 5 жаңа жұмыс орны ашылатын болады;
- Алатау ауылдық округінен жеке кәсіпкер «Рысбаев» құны 120 млн теңгені құрайтын демалыс орнын ашуды жоспарлауда, 5 жаңа жұмыс орны ашылатын болады;
- Алатау ауылдық округінде құны 70 млн теңгені құрайтын «Әсемай-Біркөлік» шипажайын ашу жоспарлануда, 10 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.