Шымкентте кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында жиналыстар жиі өтуде. Сонымен қатар апта сайын инвестициялық штабтың отырысы өтіп, ондағы кәсіпкерлерді мазалайтын сұрақтар тікелей әкімнің назарына ілігуде.
Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының іске асырылуы бойынша екінші деңгейлі банктермен кездесу өтті.
Кездесуде «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде 2021 жылғы жоспарлары мен екінші деңгейлі банктердегі жобаларды анықтап, арнайы пул әзірлеу талқыланды.
Сондай-ақ, алдағы уақытта екінші деңгейлі банктердегі жобаларды сүйемелдеу бойынша Фронт офисте штаб құру мәселесі қаралды. Бұл да қаланың экономиркалық деңгейін арттыруда жолға қойылған маңызды қадам болғалы тұр.
Айта кетсек, қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша банктерде жалпы сомасы 74,7 млрд.теңгені құрайтын 292 жоба қаралуда. Соның ішінде: «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 49 млрд.теңгеге 277 жоба, «Қарапайым заттар экономикасы»бағдарламасы бойынша 25,7 миллиард теңгені құрайтын 15 жобаны қарастыруда.