«Taupark Kaskasu» - шатқалдың сәні

Төле би ауданының туристік аймақтарының бірі саналатын Қасқасу аймағында  бүгінде соңғы үлгіде салынған, туристерге жоғары қызмет көрсетіп отырған демалыс орындары баршылық. Айталық «Taupark Kaskasu»  демалыс кешені қонақтардың көңлінен шығып жүрген нысанның бірі. 

Демалыс орны 3 гектар аумақты алып жатқан алма бағында орналасқан. Кешенде жайлы үлкен отбасыға арналған  коттеджер,  керемет монша, бассейн,  жазғы тапшандар мен ашық  аспан астында орналасқан жазғы мейрамхана мен мерекелік кештерді өткізуге арналған алаңдар бар. 

image.png

Ең кереметі кешеннен 20 минут жаяу алыстай қалсаңыз әсем Қасқасу шатқалын тамашалап қана қоймай, керемет фотоссессия жасап қайта аласыз. Сонымен қатар суы мөлдір, таудан аққан Қасқасу өзенін жағалап, шомыла аласыз.  

 Мұнда  келушілер велосипед теуіп, үстел тениисін, волейбол ойнап, бадминтонмен шұғылданып немесе жәй ғана таза ауада жүгіріп келуіне болады. Сондай-ақ шатқалдың сұлулылғына атпен серуендеу арқылы көз жеткізуге мүмкіндік бар. 

Қазақы демалыс үшін  киіз үйлерге де жайғасуға болады. 

image.png


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді