Инновациялық жобалар байқауының нәтижесі белгілі болды

Халыққа арналған былтырғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту керек» - деп атап, кәсіпкерлікті қолдау басты міндет екенін ескерткен болатын.

image.png

Осы негізде, Үшінші Мегаполисте «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі гранттар беру бойынша жобалар байқауы өтті. Аталған конкурсқа құжаттар 5–19 сәуір аралығында «Заңғар» бизнес орталығында қабылданып, жалпы саны 212 жобаның 38-і құжаттар тізіміне сәйкес тексеріліп, 5 жұмыс күні ішінде қайта түзетуге немесе толықтыруға кері қайтарылды. 

Осы орайда 9 кәсіпкер құжатын толықтырып, қайта тапсырды. Бұл ретте 29-30 сәуір және 4 мамыр аралығында конкурстық комиссияның қарауымен 183 кәсіпкер өз жобасын қорғап шықты. Нәтижесінде, 4 кәсіпкердің жобасы комиссияның оң бағасын алды.

Аталған конкурс барысында грантқа ие болған 4 кәсіпкердің жобасы: 

– Үй жағдайындағы стационар ашу (көп балалы ана); 

– Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерін жаппай аулауға арналған желім тұзақтарын өндіру;

– Қорғалған жерде қияр, бұрыш және баклажан зиянкестеріне қарсы «Amblyseius swirskii» және «Amblyseius californicus» жыртқыш кенелерін өсіру, сату;

– Кәсіпорынды өнеркәсіптік автоматтандыру үшін «Дойыр» контроллерлерінің құрастыру желісін іске қосу. Бұлардың әрқайсысына 5 млн теңгеден қарастырылған. Ескеретін жайт, грантқа қол жеткізген кәсіпкерлерге мониторинг жүргізіледі. Егер қаржыны мақсатсыз пайдаланса, бюджетке қайтарылады.  

image.png

Сондай-ақ, аталған жоба аясындағы байқауда қатысушының бизнес-идеяларының жаңашылдығы, бәсекеге қабілеттілігі мен қолданысқа енгізуге дайындығы бойынша сараланды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған