Төлебиге туристер ағылуда

image.png

Тәңірдің берген табиғат сыйымен мақтана алатын Төлеби ауданында туризм саласы қарыштап дамып келеді. Бүгінде аудан аумағында 85 туристік нысан қызмет көрсетеді.  Сала мамандарының дерегінше 2023 жылы туризм саласына 3,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 39,7 мың адамға 865,4 млн теңгенің қызметі көрсетілді. Ағымдағы жылы 1,8 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Сонымен қатар, келушілердің саны 43,5 мың адамды құрап, 870 млн теңгеге қызмет көрсету күтілуде.

image.png

Аудан әкімінің 24.03.2023 жылғы №100 өкіміңізбен арнайы жұмысшы топ құрылып, Туризм саласындағы декомпозиция бойынша қойылған индикаторларды орындау және аудан бюджетіне түсетін түсімдерді ұлғайту мақсатында барлық туристік нысандарға барып статистика басқармасына тіркелу керектігі мен «2-Туризм» есебін тапсыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде салық және статистика басқармасына тіркелген нысандар саны 53-ке жетіп, салық түсімі 35 771,8 мың теңгені құрады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді