«Жастар практикасы» – жастардың жұмыссыз қалмауы үшін

Screenshot_6.jpg

Жалпы «Жастар практикасы» бағдарламасы жоғары оқу орындары мен колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына мұрындық болу үшін құрылған жоба. Меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында жастардың жұмыссыз қалмауы үшін ұйымдастырылған. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019, 2020, 2021ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері бір рет қана қатыса алады. Жалақы көлемі - 25 АЕК.

Биыл Шымкентте жыл соңына дейін 2500 жасты уақытша жұмыспен қамту жоспарланған болса, осы уақытқа дейін 2350 жұмыссыз жас қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолдама алды. Оның ішінде 40-тан астамы жолданған мекемелерде тұрақты жұмысқа орналасқан.

Солардың бірі Валерия Полукчи. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жастар практикасы» бағыты бойынша жұмысқа орналасқандардың бірі. Ол биыл «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «Кәсіпкерлік экономика құқығы саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оқу бітіріп, қолына диплом алған жас маман шілде айында Шымкент қаласының полиция департаментіне жастар практикасымен 6 ай мерзімге жолдама алған. Қазір сол мекемеде тәжірибе жинақтауда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған