Шымкент қаласында 1000 сауда нүктесіне құжаттарды қабылдау науқаны басталды. "Shymkent"әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы көше саудасы және (немесе) қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады.
Аталмыш науқанға өтінімдерді қабылдау мерзімі 01.06.2021-14.06.2021 ж.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі:
• Еңбекші ауданы, Шығыс шағын-ауданы, н/с, алаңы 0,0012 га (22-329-008-111);
• Еңбекші ауданы,№65 мектептің жаны, алаңы 0,0024 га (22-329-005-251);
• Абай ауданы, Арғынбеков көшесі, н/с, алаңы 0,0009 га (22-327-009-348);
• Еңбекші ауданы, Уалиханов көшесі, н/с, алаңы 0,0016 га (22-329-009-108);
• Еңбекші ауданы, Шығыс шағын-ауданы, н/с, алаңы 0,0012 га (22-329-008-117).
Конкурсқа қатысу үшін 10 жұмыс күні ішінде (2021 жылғы 01 маусым сағат 09:00-ден 2021 жылғы 14 маусым сағат 18:00-ге дейін) Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г., 1-қабат, "Заңғар" бизнес-орталығы құжаттарды тапсыру қажет.
Комиссия отырыстарын өткізу күні сайтта жарияланатын болады https://openspk.kz / "Хабарландырулар" бөлімінде. Сонымен қатар, Instagram-дағы @shymkent_invest ресми парағындағы "1000 сауда нүктесі" жобасы туралы ақпаратты қадағалауыңызды сұраймыз.
Өтінімдерді қабылдау және кеңес беру мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304/Г, 1-қабат, "Заңғар" бизнес-орталығы ("Shymkent Invest"Фронт-офисі).
Байланыс телефоны: 8 (7252) 39-11-77