Кәсіпкерлік саласындағы күрделі мәселелер талқыланды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Аталмыш жиында шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша Еңбекші ауданының бірқатар кәсіпкерлерлері мен сала мамандары бас қосты.

image.png

Жиынға кәсіпкерлік және индустириалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков, «Shymkent» ӘКК төраға орынбасары Ерлан Қаттабеков пен ауыл шарушылығы және ветеринария басқармасының өкілдері қатысты. Кездесу барысында кәсіпкерлердің күрделі мәселелері тыңдалып оның шешу жолдары талқыланды.

image.png

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары жайлы айтылды.

Мәжілісте кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен оның тиімділігі айтылып өтті.

Сонымен қатар, 1 % жеңілдетілген несие және көше саудасы бағдарламалары бойынша кеңес беретін Фронт-офис барын тілге тиек етіп, бизнеске бағыт беруге барлық жағдай жасалғаны айтыла кетті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған