Халыққа арналған былтырғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту керек» - деп атап, кәсіпкерлікті қолдау басты міндет екенін ескерткен болатын.
Осы негізде, Шымкент қаласындағы "Shymkent" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ Басқарма басшысының орынбасары Ерлан Қаттабеков бірнеше кәсіпорынмен өзара меморандумға қол қойды.
Алдағы уақытта, «Umit Qala» ЖШС: Арғынбеков-Бәйтереков көшелерінің қиылысындағы құрылыс жұмыстары бойынша 15 млрд. теңгеге инвестиция құйып, 300 адамды жұмыспен қамтымақ.
Сондай-ақ, "Бақыт" базарының құрылысына 1 200 млн.теңгеге; Қайнарбұлақ т/а 9 қабатты "NEW CITY-2" тұрғын үй кешенін салу бойынша 41 580,0 млн. теңгеге; Асар-2 шағын ауданындағы "ТАРТУ" 9 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысына 4755,0 млн. теңгеге; Қаратау ауданындағы 189 квартал құрылысына 2 700 млн.теңгеге; Көп деңгейлі паркингі бар тұрғын үй кешенін салу бойынша 2 500 млн.теңгеге; Төреқұлов көшесіндегі тұрғын үй құрылысы 1 504 млн.теңгеге; Октябрьская көшесіндегі тұрғын үй құрылысы 1 724 млн.теңгеге; 400 орындық жалпы білім беретін мектеп құрылысы 700 млн.теңгеге инвестиция тартылды.