​Үшінші мегаполисте 367 кәсіпкерлік нысанда «Ashyq» қосымшасы енгізілді

Күллі әлемде коронавирус өршіген тұста қызметін шектеуге мәжбүр орындардың жабылуының алдын алу үшін 17 өаңтардан бастап елімізде Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жобаның тиімділігі сол шектеуді ішінара алып тастауға балама ретінде қолданылады.

image.png

Аталмыш қосымшаның басты пайдасы – қауіпсіздік. Қазіргі таңда, кез келген ауру белгілері бар не белгілері жоқ формада COVID-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтауға міндеттелген. Алайда өзін-өзі оқшалау режимін сақтамай, ауырған, науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға бару жайттары орын алып отыр. Солай вирустың таралуына себепші болады. Ал «Ашық» қосымшасы осындай келушілерді анықтайды. Әрі басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Бүгінде QR-кодтарды қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең тараған.

«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты қолдану мен Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің вирус жұқтырғаны не жұқтырмағанын анықтауға болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған