Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді жобаларының бірі "Фронт-офис" қызметі. «Фронт офис» – тұтынушылар мен тапсырыс берушi тараптың жұмысын жеңiлдетуге арналған ұйым. Оның тиімділігі сол барлық қызметтері тегін көрсетіледі.
Шымкент қаласындағы сондай тімді жобалардың бірі Фронт-офистің сұраныстағы 5 қызметіне тоқталып өтсек.
- 1 % жеңілдетілген несие - жастар мен әйелдерге арналған таптырмас Қазақстандағы ең төменгі пайыздағы бағдарлама. 21-29 жастағы ер азаматтар мен 21-58 жастағы әйелдер қатыса алады. Ең максималды сома - 10 миллион теңге.
- 1000 сауда нүктесі - бизнеске арналған жер телімін жалға беру жобасы. Жылына 21 141 теңге. Ай сайын аталмыш бағдарламадағы жер телімдері конкурсқа қойылады.
- 2 млн. - 5 млн. қайтарымсыз грант - жеке кәсібін ашуға ниет еткендерге керемет мүмкіндік. Қаражат кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедек жандарға бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін беріледі. Грант тек кәсіпті дамытуға, құрал-жабдық, материалдар сатып алу үшін жәрдем ретінде қарастырылған.
- "Бастау-Бизнес" оқуы - кәсіпкерлікке баулитын, бизнес бастауға көмектесетін бағдарлама. Оқуға кімдер қатыса алады: жұмыссыздар; еңбекке жарамды мүгедектер; жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер; аз қамтылған және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері.
- ЖК / ЖШС ашу немесе жабу - Бизнеске арналған Үкімет фронт-офисінде Жеке кәсіпкер (ИП) немесе Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік (ТОО) ашуға және жабуға, бухгалтерлік есептерді жасауға болады.