Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтқан болатын. 

image.png

Осы негізде, Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы  экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңесі және «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысын өткізді. 

Аталмыш жиында Үшінші мегаполис бойынша кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2020 жылғы 2021 жылдың І-тоқсанында өз саласы бойынша және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып отырған жұмыстар туралы мәселе қаралды.

Жиын барысында, Шымкент қаласы бойынша кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дүйсебеков Береке баяндама жасады.   

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының қызметі бойынша баяндама тыңдалымынан соң, басқарма басшысына қоғамдық кеңес тарапынан бірқатар ұсыныс пікірлер мен сұрақтар қойылды. 

- Кеңседе сыбайлас жемқорлық фактілері, оның ішінде ұсақ құқық бұзушылық фактілері туралы статистика сақтала ма? Сыбайлас жемқорлық белгілері бар басқарма қызметкерлердің іс-әрекеттері фактілері бойынша кәсіпкерлерден түскен шағымдарды тіркеу жүйесі қалай жүзеге асырылады? Бизнесте қызмет көрсету процесінің ашықтығын жақсарту үшін не істелуде? Басқарманың өзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі қалай орнатылған? Жауапты қызметкерлер бар ма? Ішкі бақылау жүргізіліп жатыр ма? - сынды сұрақтарға жауап берілді. 

Аталмыш жиынның қорытындысы бойынша қаулы қабылданып,алдағы уақытта ұсыныстардың орындалуы бақылауға алынатындығы жеткізілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған