Жаһандық індет ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік берді

Screenshot_13.jpg

«Адамдардың туған жерге, өз еліне деген қызығушылығы арта түсті», - дейді Vizit Shymkent компаниясының кеңесші менеджері Гүлнар Бекмұратова. 

– Қазақстандықтар көрші облыстарға жиі барып, олардың тарихымен, көрікті жерлерімен танысатын болды. Олар бізге көбірек келе бастады. Өткен жылмен салыстырғанда Шымкентке келген туристер саны 30 пайызға артқан. Адамдар бізге ықыласпен келеді. өйткені бізде ауа-райы өте қолайлы. Олар әртүрлі турларды таңдайды - экологиялық, киелі жерлерді аралау, ойын-сауық, экстремалды, тіпті өндірістік, йога және іскерлік турлар бар. Бізде «Ұлы Жібек жолының мұрасы» атты экскурсия сұранысқа ие. Көбінесе қонақтар миксті таңдайды: олар киелі жерлерге де, Шымкенттің ең жақсы жерлеріне де барады. Біз Ескі қалашыққа, «Қазына» этно-тарихи кешеніне, хайуанаттар бағын, дендросаябаққа экскурсиялық турларды ұсынамыз. Адамдар міндетті түрде Сайрам-Өгем ұлттық паркіне барады. Ақсу-Жабағылы қорығы да сұранысқа ие. Туристер көптеп Түркістан, Отырарға барады. Біздің міндетіміз – Шымкентте халыққа қонақжайлық пен сапалы қызмет көрсету, - дейді Гүлнар Бекмұратова.

Орталық қай жерде тұру, демалу және дәмді ас ішу, көлікті жалға алу, туристік маршруттарды құрастыру, қала имиджін жақсарту бойынша жобалармен жұмыс жасау бойынша кеңес береді.

Vizit Shymkent ақпараттық-құқықтық және визалық көмек көрсету арқылы күніне 200-250 туристі қабылдай алады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған