Шымкент жастары ұлы ақынды ұлықтады

Screenshot_1.jpg

Жастарға қазақ әдебиетінің классиктерін, ұлы дала ақындарын насихаттаған аса маңызды. Өз елінің тарихымен сусындап, әдебиетін оқып өскен жастардан күтер үміт көп. Олар ел руханиятының өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосады. Руханият - кез-келген мемлекеттің күре тамыры секілді. Руханият құлаған жерде мемлекет өз болмысынан айрылып, азып-тозады. Отбасылық институт деген жойылады. Бұл өз кезегінде мемлекетті құлдырауға алып келеді. Бұған жол бермеген абзал.

Осы орайда Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Nur Otan» партиясы  ШҚФ «Jas Otan» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және 10 тамыз «Абай күніне» арнайы қала тұрғындарының арасында викториналық сұрақ-жауап айдары өткізілді. 

Шараның мақсаты – қала тұрғындарына Абай өмірі мен шығармашылығыннан сыр шертетін сұрақтар қойып, сол арқылы келер ұрпаққа қалдырған өсиетін жастар арасында насихаттау. Сонымен қатар, Абай өлеңдері мен қара сөздерінен нәр алып, тәлім - тәрбие алуға бағыттау болып табылады.

Викториналық сұрақ-жауап барысында дұрыс жауап берген қала тұрғындары мен жастарға арнайы Абай өлеңдер жинағы мен қара сөздері жинақталған кітапшалар және қыздарға арналған қазақи әшекей бұйымдар тарту етілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған