Шымкент - өз атына сай болу үшін қаланы жасыл-желекке бөлеу бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Жазы ыстық қалада тұрғындарға, туристерге көлеңкелі, саялы жерлер көп болғаны маңызды рөл ойнайды. Олар осы жерде демін басып ыстықтан қорғанады. Әрі жасыл-желек қала көркін ашып, сұлулыққа бөлейді. Ал сұлу, көрікті қалаға кез-келген адам келгісі келеді емес пе?!
Осы орайда Қаратау ауданы аумағында жасыл желектер қорын көбейту, көгалдандыру жұмыстары атқарылуда. Әсіресе, жазғы уақыттарда көркейту-көгалдандыру жұмыстары қызу жүргізілуде.
Қала көшелерінің бойындағы ағаштар бұталып, ретсіз тасталған қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды. Ағаштардың түбі әктеліп, қоршау орнату жұмыстары жүргізілуде. Қаланы көгалдандыру мақсатында 23 125 шаршы метр аумаққа 6 244 дана ағаш отырғызылса, 1 873 шаршы метр жерге 64 944 түрлі декоративті гүлдер егілді.
Жалпы аудан бойынша отырғызылған ағаштар қатарында кәдімгі қарағай – 556, Қырым қарағайы – 72, үйеңкі – 1296, тұт – 338, шаған – 700, емен – 320, қарағаш – 2340 және көп жылдық бұталардың түрлері бар. Сонымен бірге, аудан аумағына шафран – 12 528, тагетис – 18 752, петунья - 6 289, сальвия гүлдері егілді.
Қаладағы саябақтарда қураған ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда. Алдағы уақытта Шымкент қаласы жасыл-желекке көмкеріліп, тұрғындар мен туристерді қуанта бермек.