Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығы мен қатар өндірісте өркендеп келеді. Ал, шағын кәсіп бастаушылар қатары күн сайын жоғарылауда. Өңірде жаңадан іске асып жатқан жобаларда көп.
Атап айтар болсақ, Қақпақ ауыл округінде жаңа гидроэлектростанция салынып жатыр. Шағын ГЭС-тің қуаттылығы сағатына 1,3МВт, жалпы жоба құны 400 млн. теңгені құрайды. Жаңа нысанның құрылысы тамыз айында басталды. Алдағы желтоқсан айында аяқталып, келер жылы іске қосылады деп күтілуде. Станса іске қосылғаннан кейін бес жаңа жұмыс орны құрылады.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев «Ынтымақ АШӨК» ӨК-нің шағын гидроэлектростанция құрылысымен танысты. Жұмыс барысын бақылап, жүзеге асып жатқан істердің барысын көрді.
Қазіргі таңда бүкіл әлем планета ресурстарын сарқымай-ақ, энергияның балама көздерін пайдалануға бет алған. Әр елдің өз климаттық жағдайларына қарай әртүрлі қуат көздері қолданылады. Шағын ГЭС-тің басты артықшылығы – электр энергиясының өзіндік құнының арзан болуы. Құрылғы қысқа мерзімде жеткізіледі, оны орнату мен іске қосудағы жер дайындау жұмыстары да жеңіл.
Жалпы, облыс бойынша шағын су электр станцияларының саны 5 (Сарыағаш,Сайрам, Төлеби, Қазығұрт), 2014-2020 жылдары іске асырылған.