Балалар аналарына хат жазды

Screenshot_13.png

Шымкентте бірінші рет пилоттық жоба ретінде «Анаға хат» шығармашылық байқауы онлайн түрінде ұйымдастырылды. Байқауға Абай ауданы аумағындағы №5 мектептің оқушылары қатысты. 

Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Қазылар алқасы байқауға түскен 49 оқушының шығармаларымен танысып, жүлдеге сай жұмыстарды марапаттауға ұсынды. Байқаудың  екінші кезеңі «Саз» колледжінде жалғасты. Жоба  авторы, айтыскер-ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Ақмарал Леубаева қатысып, жастарға жүрекжарды лебізін білдіріп, арнауын жеткізді. "Бүгінгі өтіп жатқан шараның басты мақсаты балалардың анаға деген махаббатын арттыру әрі көркемсөзге баулу. Өз ойын қағазға әсемдеп түсіру, жеткізу. Техника дамыған заманды балаларды хат жазуға үйрету",- дейді жоба авторы.

Байқау қорытындысы бойынша, көпшілік алдында шығармаларын оқыған оқушылар жеңімпаз деп танылып, түрлі номинацияға ие болды. Ал, ең ұшқыр ойлы, әсерлі, мағыналы жазылған  4 шығарма иелері Абай ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды. Сонымен бірге, демеушілер дайындаған смартфон мен планшеттер табысталды.  Шығармаға белсендік танытқан мектеп ұстаздарына да аудан әкімінің алғыс хаты берілді. Аталған жоба алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды