Ордабасылықтар екі өнім алып, табысын еселеуде

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімін тиімді пайдалана отырып, екі өнім алып жүрген ауыл жастарының қатары көбейіп келеді. Міне, сондай жерден ризық-несібесін іздеген еңбекқор жастың бірі – Қараспан ауылдық округіне қарасты Көлтоған ауылының тұрғыны Үмбет Мамытхан.

image.png

Бастапқыда 583 400 теңге мемлкеттік грант алып, қияр өсіретін жылыжай кешенін салған іскер азамат, кейіннен өз қаржысымен өндіріс көлемін ұлғайтқан. Қазіргі таңда «Мамытхан Ү» ЖК 8 гектар алқаптан жылына екі рет өнім алып, табысын еселей түсуде. Бүгінде жобалық кұны 2 миллион теңгеден жоғары жылыжай кешенінде ауыл жастары маусымдық жұмыспен қамтылуда.

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша Түркістан облысында 9 мың гектарға жуық алқапқа 3 мыңға жуық жоба жүзеге асырылып, 100 мың тоннадан асатын көкөніс өнімі жиналды.

Жалпы жыл басынан бері ауданның ауылшаруашылық саласында 17 млрд. 700 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,4 пайызды құрады. Нәтижесінде, Ордабасы ауданы облыс көлемінде аудан, қалалар арасында бірінші орында. Аграрлы сала бойынша ауданның облыстағы үлесі – 8,3 пайыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды