Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ

Screenshot_8.png

Мегаполисте отандық өнімдердердің саны артуда. Таяуда үшінші мегаполисте әйелдер киімі, аяқ-киім және шұлық бұйымдарының өндіретін кәсәпорын ашылмақ.  «Janna Eltanova» ЖШС үшін "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақтан 07 гектар жер телімін бөлінген. Келер жылы ашылатын өндіріс орнына 400 миллион теңге инвестиция тартылған. Кәсіпорын жылына 43 000 дана киім, 35 000 жұп аяқ киім шығаруды жоспарлап отыр. Шамаман 300-ге жуық тұрғындар жұмыспен қамтылады деп күтілуде. «Janna Eltanova» ЖШС-ның бұйымдарыы ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандырмақ. 

Еске сала кетейік,  Шымкентте былғары және қолтырауын терілерінен аяқ киім шығарылады. «Заря» сауда белгісіндегі шағын өндіріс орынында ерлер, әйелдер және балаларға арналған қыстық, жаздық және спорттық аяқ киімдердің қазіргі заманға лайық 180 түрін тұтынушыларға  ұсынып келеді. «Заря» өнімдері Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Алматы қаласындағы сауда нүтелерімен қатар Ресей еліне де шығарылып келеді.

Шымкенттіктерге «Lux Shoes» БК» ЖШС-ның аты жақсы таныс.Сапалы ерлер аяқ киімін тігені кәсіпорын дайын өніммен қатар, енді аяқ киім табандарын шығарып келеді. 

Айта кетейік, арнайы экономикалық аймақтың дайын инфрақұрылым, жер және мүлік салығынан, корпоративтік табыс салығынан босату сынды жеңілдіктері кәсіпорынның тұрақты дамуына және нарықты отандық өніммен қамтуға толық мүмкіндік беріп келеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды