Арнайы киімдерге сұраныс жоғары

Screenshot_5.png

Отандық киім нарығы қытай, түрік және поляк өндірушілерінің өнімдеріне толы. Дегенмен, бұл өнімдер әрқашан қолайлы сапамен сипатталмайды: үлгілердің параметрлері фигураның стандарттарына сәйкес келмейді, өлшем диапазоны жалпы қабылданғаннан ерекшеленеді, ал тігу сапасы көп нәрсені қалауға қалдырады. Мұндай жағдайда сатып алушылар жергілікті зауыттарда жасалған қолжетімді әрі сапалы тауарларға көбірек көңіл бөлуде. Яғни жергілікті тұрғындар отандық өнімді көбірек қалап отырғандығы көңілді қуантады.  

Шымкент қаласында соңғы жылдары киім тігу өндірісі жолға қойылып келеді. Әсіресе арнайы киімдерге сұраныс жоғары. Айталық келесі жылы "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақта іш киім, сырт киім және арнайы киім тігу өндірісі ашылмақ. Бұл үшін  "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақтан 0,46 гектар жер бөлінген. Аталмыш жобаға  320 миллион теңге инветиция тартылып отыр.  «UNITEX VOSTOK» ЖШС жылына 1070 дана бұйым шығаруды көздеп отыр. Сапасы жоғары тауарлар ішкі нарыққа жөнелтілмек. Жоба іске асқан жағдайда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды