№28 кәріз сорғы станциясының құрылысы биыл аяқталады

Screenshot_28.jpg

Шымкент қаласында әсіресе жаңадан құрылған шағынаудандарда  инфрақұрылым жүйелерінің мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен ұзындығы 12,9 шақырымды құрайтын №2  коллектордың және №28 кәріз сорғы станциясының құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Жоба құны – 3 138,6 млн теңге. Мердігер «Сарыағаш-Аман» мекемесі өткен жылы 757,1 млн теңге қаражатты игерді. 2021 жылға 1 481,5 млн теңге қаржы қаралған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  Шаһар басшысы жауапты мамандарға сапаға көңіл бөлуді тапсырып, құрылыс барысын тұрақты бақылап отыратынын айтты. Сондай-ақ, құрылыс техникаларының тазалығына да мән беруді міндеттеді. 

Нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде, ағымдағы жылы құрылысы жүргізілетін Мирас, Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік-Шығыс, Тассай, Нұртас елдімекендердегі кәріз жүйесі осы коллекторге қосылатын болады. Яғни, осы елдімекендердің кәріз жүйесіндегі сарқынды су осы коллекторге құяды. 

Айта кетсек, Мирас, Шапағат-2 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында кәріз құрылысын «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС жүргізуде. Жоба құны - 1 348,9 млн теңге. Биылғы жылға 401,6 млн теңге қаржы қаралған. 

 Сондай-ақ, Ұлағат шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша биылға 403,6 млн теңге қаражат бөлінген. Кәріз жүйесі құрылысын аяқтауға қажетті қаржы - 934,4 млн теңге.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды