Сакралды нысандардың жағдайымен танысты

Screenshot_13.png

"Нұр Отан" партиясы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Наргиза Керімбаева қаланың тарихи және сакралды нысандардың жағдайымен танысып қайтты.

Туризмді Қазақстанның Жаңа креативті драйверіне және үшінші индустриалды саласына айналу үшін, қаланың әр бір азаматы саланы дамытуға ат салысуы тиіс. Қаланың креативті бейнесін қалыптастыру – бәсекелестік қабілетті арттырып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және туризм саласының өркендеуіне ықпал етеді.

Туризм мен креативті индустрияны біріктіру – бұл ең алдымен туризмді жаңа деңгейге шығарып, саланы дамытуға тың идеяларды енгізе отырып, жаңашыл бағытта ілгерілеуге септігін тигізеді. Нәтижесінде, жоғарыда аталған бағыттар қаланың жаңа бейнесін қалыптастырып және жаңа жұмыс орындарын ашып, экономика түсімін жоғарылатып, келуші туристер легін арттырады деген жоспар бар.

"Бүгінгі таңда туризм дамуына кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі – Қазақстанның турөнімін алдыға жылжымауы болып табылады. Оны дамыту үшін, алдымен инфрақұрылымды жақсарту қажет" деген партия өкілі алдағы жылы Шымкент қаласындағы тарихи және сакралды нысандары толық жөндеу және реставрациялық жұмыстардан өтуі жоспарланғанын жеткізді. Тарихи орындардың жаңғыру туристердің легін олан әрі арттыра түсетіні сөзсіз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды