Инфрақұрылым туризмді дамытуға жол ашады

Screenshot_15.png

Жолдар қашанда экономи­ка­ның күретамыры болып саналады. Әсіресе, Шымкент секілді жыл­дан-жылға дамып, қанатын кеңге жая бастаған қала үшін сапалы жолдар мен дамыған инфра­құ­рылым мәселесі өте маңызды. Сондай-ақ сапалы инфрақұрылым туризмді дамытуға да жол ашатыны белгілі. 

Биыл бұл бағытқа 33 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға 18 нысанда құрылыс және қайта құру, тағы 160 көшеде күрделі және ор­таша жөндеу жұмыстары жүргі­зілуде. Нәтижесінде, Шымкенттегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 63,6 пайызға дейін көтерілген. Соңғы үш жылда, биылды қоса есептегенде 853,5 шақырым жол төселген. Тұрғындар бұрын мұнша жолдың 10 жылда салынғанын жақсы біледі.

Шаһардың көлік инфрақұры­лымын сөз еткенде Д.Қонаев даң­ғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысында салынып жатқан заманауи жолайрықты айналып өту мүмкін емес. Жақында Д.Қо­наев даңғылындағы тоннель бөлігі пайдалануға берілді. Бұл нысан­дағы құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады. Одан бөлек, 590 жаңа автобус сатып алынып, қаладағы қоғамдық көліктер толығымен электрондық билет жүйесімен қамтылды.

Сондай-ақ қаланың тарихи, туристік нысандарға апарар жолдардың да сапасына көңіл бөлінуде. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды