Таза қала тұрғындар және туристер үшін де жайлы

Screenshot_12.png

Туған өлкенің тазалығын сақтап, көркеюіне атсалысу – әрбіріміздің перзенттік парызымыз. Бұл істе бір кісідей жұмылғанда ғана нәтижеге қол жеткізе аламыз. Қала тазалығына бейжай қарамайтын тұрғындар ерекше эстафетаны қолға алған болған. Қала тұрғындары, түрлі мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары бүгінде  "Шымкент таза қала" эстафетасы аясында қала аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл бастамаға  осы сенбіде Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен "Visit Shymkent” туристік-ақпараттық орталығының қызметкерлері де ат салысып,  тазалық акциясын ұйымдастырды.

"Shymkent” ӘКК басқарма төрағасы @b.kankin жолдаған эстафета аясында "Мәртөбе" туристік кешенінде тазалау жұмыстары жүргізілді. "Кімде-кім ар алдындағы азаматтық борышын орындап, айналасына тазалықпен қарайтын болса дейді, онда Шымкент қаласы әлемдегі ең жасыл, ең таза қалаға айналады. Қаланың таза болуы жергілікті тұрғындар үшін де, сондай-ақ қала қонақтары мен туристер үшін жайлы. Сондықтан қаланың тазалығына өз үлесімізді қосыпжүрейік",- деген орталық қызметкерлері  дәстүрлі эстафетаны Шымкент қалалық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры @nkabishtayev-қа жолдады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды