Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының өкілдері бастаған құрам Шымкентке келді. Экскурциялық құрам бірінші «Visit Shymkent» орталығымен танысты. Орталық қызметкерлері қонақтарға Шымкент қаласындағы туристік нысандары туралы ақпарат берді.
Топ құрамы бірінші шаһарды жоғарыдан тамашалу мақсатында Бәйдібек би ескерткішіне барды. Мамандар қонақтарға шымкенттіктердің мақтанышына айналған ескерткіштің тарихы мен маңыздылығына тоқталып өтті. Қазақстандағы ең үлкен ескерткіш болып табылатын монумент биіктігі жағынан әлемдік ескерткіштермен таласады. Монументті орнату үшін Шымкент қаласының солтүстік бөлігіндегі ең биік нүктелерінің бірі таңдалып алынған. Бұл белгіге арнайы жасалған төрт метрлік төстабан мен 9 метрлік іргетас қосылған. Мүсіннің өзінің биіктігі 10 метрді құрайды, төстабанның биіктігін, іргетас пен ескерткіштің өзінің биіктігін қоса есептегенде монументтің биіктігі 23 метрге көтеріледі. Жалпы салмағы 9 тонна болатын мыспен қапталған мүсін, рекордтық мерзімде – барлығы 20 күнде дайын болған. Мұны жасау үшін біліктілігі жоғары 40 дәнекерлеуші- құюшылар еңбек еткен. Бұлар жергілікті шеберлер мен Өзбекстан, Қырғызстаннан арнайы шақырылған жұмысшылар болатын.
Туристер содан соң Сайрам тұрғын алабындағы қасиетті орындарды зиярат жасауға аттанды.