Сарыағаш ауданыны ауыл шаруашылығы да, кәсіпкерлігі де қатар дамыған өңір саналады. 2020 жылы ауданда шағын және орта бизнес субъектілер саны 14921 бірлікті құрады. Осы субъектілерде жұмыс орны 33400 адамға жетіп, бюджетке тиісті салық төлемдері 109,6%-ға және шығарылатын өнім көлемі 116,2 %-ға артты. Бұл туралы сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев аудандық мәслихат депутаттарына берген есебінде келтірді.
-«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы 1,4 млрд теңгеге 25 жоба іске асырылды. Ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 2021 жылдың 8 айында 120,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 115,6%-ға артты. Жыл соңына дейін 200,8 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Кәсіпкерлікті дамыту аясында 2021 жылдың 8 айында шағын және орта бизнес субъектілер саны 15304 бірлікті құрап отыр. Осы субъектілерде жұмыс орны 36200 адамға жетіп, бюджетке тиісті салық төлемдері 103,7%-ға және шығарылатын өнім көлемі 103,6 %-ға артты,-деді аудан басшысы.
«Қарапайым заттар экономикасы»бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы 361,0 млн теңгеге 12 жоба іске асырылады.