Сарыағаш ауданының әкімі Мұхити Отаршиев өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы бойынша аудандық мәслихат депутаттарының алдында баяндама жасады.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа кезекті Жолдауын жариялады. Еліміздің алдағы уақыттағы даму бағыттарының негізгі міндеттері айқындалған Жолдау елдің әл-ауқаты мен экономикалық қуатын еселейтін маңызды міндеттер жүктеп отыр.
Президент өз Жолдауында биыл Тәуелсіз ел болғанымызға 30 жыл толып отырғанын орынды атап өтті. Қазақстан – Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Президент Жолдауы қазір еліміздің түкпір-түкпірінде қызу талқыланып, жан-жақты қолдауға ие болуда. Пандемия кезіндегі дағдарыстан алып шығатын міндеттерді межелеген стратегиялық маңызы бар бұл саяси құжатта айтылған тапсырмаларды орындау — абыройлы борыш,-деді баяндамасында аудан басшысы.
Мұхит Отаршиев сондай-ақ, аудан бюджеті туралы мәлімсеттер келтірді. Оның айтуынша, ауданның өзіндік кірістері 2020 жылы 3,8 млрд теңге көлемінде жоспарланған болса, нақты түскені 3,9 млрд теңге, немесе 103,3%-ға орындалды.
Бюджеттің шығыс бөлігі 43,1 млрд теңгеге жоспарланса, жыл қорытындысымен 99,7%-ға игерілді. Аудан бюджетінің өзіндік кірістері 2021 жылы 4,1 млрд теңге көлемінде жоспарланған болса, бүгінгі күнге нақты түскені 3,0 млрд теңге, немесе 142,4%-ға орындалды.
Бюджеттің шығыс бөлігі осы жылы 34,7 млрд теңгеге жоспарланса, есепті мерзімнің жоспары 22,3 млрд теңге, яғни 99,8%-ға игерілді.