Сарыағаш ауданында биыл ауыл шаруашылығында үш жақтама келісім бойынша 22 көрсеткішті іске асыру межеленген. Оның 20-сы бүгінде орындалған.
- Жыл соңына дейін белгіленген межелер толығымен орындалатын болады. Осы салада ағымдағы жылдың 8 айында өндірілген өнімдердің жалпы көлемі 61,9 млрд теңгені құрады. Нақты егілген егіс көлемі 69,7 мың гектарға жетті. Жылыжайлар жыл басынан 26 гектарға салынса, тамшылатып суару әдісі 660,5 га жерге енгізілген. Қарқынды жеміс бауы 40 гектарға артты. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығына жылына бір алқаптан 2-3 өнім алу инновациялық жобасы бойынша 1010,7 га құрайтын 499 бірлік шаруа қожалық бекітілді, нәтижесінде 25 171 тонна өнім өндірілді,-деді Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев жуырда аудандық мәслихат депутаттараның алдында берген есебінде.
Айта кетері, Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Республикадағы орналасқан жылыжайлар мен тамшылатып суару әдісі енгізілген алқаптардың басым бөлігі осы өңірде орналасқан. Бұл Сарыағаш ауданының жылы климатының арқасы және тұрғындарының еңбек сүйгіштігінің жемісі.