Сарыағаш ауданында биыл демеушілер есебінен орталық ауруханаға 100 дана төсек орын, 120 дана оттегі баллоны және 35 дана оттегі концентраторы, 1-ЭКГ аппараты, 2-пациент маниторы, 20-тонометр берілсе, 38- мобильді бригадалар аудан әкімдігі тарапынан автокөліктермен қамтамасыз етілген.
-Өткен 2020 жыл еліміз үшін оңай жыл болған жоқ. Бүкіл әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Пандемияның таралуын болдырмау, алдын алу мақсатында ауданда шұғыл әрекет ету штабы құрылып, облыстан берілген нұсқаулық бойынша тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді,-деді жуырда сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршщиев аудандық мәслихат депутаттарының алдында берген есебінде.
2020 жылы ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 108 адам анықталды. Оның ішінде 106 науқас емделіп шықты, ал 2 науқас қайтыс болды.
Пневмония диагнозымен 1256 науқас ем қабылдаса, оның ішінде 1240 науқас емделіп шықты, өкінішке орай 16 науқас көз жұмды.
2021 жылдың 8 айында ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 500 адам анықталып, олардың барлығы емделіп шықты. Ал, пневмония диагнозымен 2104 науқас ем қабылдаса, оның барлығы түгел емделіп шықты.
2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін медициналық ұйымдарында науқастарға 18 ИВЛ аппаратымен көмек көрсетілді және 246 пульсоксиметр, 150 контактісіз тепловизор жұмыс жасап жатыр.