Ауданды гүлдендіру жұмыстары қолға алынуда

Ірі қалаларда ландшафты дизайн дамып келеді. Көгалдандыру, гүл егу ісі. Ауылдың көркін ашатын да, келбетін келісті етіп, әрін арттыратын да – оның тазалығы мен жайқалған жасыл желегі. Бұл екеуі болмай ауылға сән кірмейді, тамырына қан жүрмейді. Осы орайда Ордабасы ауданында көркейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 

 image.png

Осы негізде, табиғатты аялау, барлық мекемелердің ауласын гүлдендіру, туған өлкеміздің санитарлық-экологиялық жағдайын жақсарту, қоршаған ортамызды қорғау және оған деген қамқорлықты жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында Ордабасы ауданы орталығы - Темірландағы Орталық саябақ аумағына гүл көшеттері отырғызылды. Аталған саябақта гүлдендіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, арнайы дайындалған алаңқайлар мен гүлзарларда гүлдердің сан-алуан түрлерін отырғызып, мекемелердің алдындағы бос жатқан жерлерді гүлдендіру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар одан әрмен қарай  жалғасын тауып, ауданды жасыл желекке айналдыру үшін де көптеген жұмыстар жасалатын болады. Қолға алынған гүлдендіру жұмыстары аудан шырайын арттырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға сеп болмақ. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Атамекенге» 8 жыл!
  • Кәсіпкерлердің құқығы тапталмайды
  • Шымкенттің экспорттық әлеуеті мықты
  • «Шымкентмайдың» өнімдеріне сұраныс жоғары
  • Ерболат Әмірханов: Креативті бизнес ашуға кеңес береміз