Интерактивті альбом саяхатшыға көмек болмақ

Screenshot_7.png

Шымкент қаласы  Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бастамасымен "Интерактивті альбом" жобасы іске асқан болатын. Қаланың туристік орындарын визуалды көрсететін альбомда Шымкент қаласының тарихи-мәдени көрікті нысандары, ұлы тұлғалар, туризмнің басым бағыттары қарастырылған барлығы 20 нысан енгізілген. Альбом қазақ-орыс және қазақ-ағылшын тілдерінде ақпарат береді. Оны дайындау барысында түсірілген фото, видео түсірілімдер, мәтін, аударма, дикторлық дыбыстау, сондай-ақ дизайнын әзірлеу жұмыстары кәсіпқой деңгейде жүргізілген. 

Қазіргі таңда қалада жаңа нысандардың пайда болуына орай альбомға ескі қалашық аумағының "Цитадель" қорғаны, туристік "Red bus" сынды жаңа дүниелер енгізілген. кәдесый ретінде дайындалған альбомды қазіргі таңда кез-келген азамат  «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығынан және Арбат жаяу жүргіншілер алаңындағы ақпараттық дүңгіршектен QR-кодпен сканерлеу арқылы көруге мүмкіндік бар. Бұл туристерге де қаланы аралау алдында таңдау жасауға мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, бүгінде қала өміріне жаңашылық енгізетін Жасыл көше жобасы әзірленуде.   Бүгінде әлемнің бірқатар елінде «түрлі-түсті көше» жобасы сәтті іске асырылған. Бұл ретте Шымкенттегі 500 метр көшені әрлеу көзделген. Кіші және орта бизнестің дамуына септігін тигізетін ерекше бастама туристер санын арттыруға бағытталған.

Одан бөлек, туризм саласында «Tolem Tourist» картасы әзірленді. Яғни, қаладағы туристік нысандар бірыңғай картаға енгізіліп, туристерге арнайы жол картасы көрсетіледі. Картамен төлем жасау нысандардың әрқайсысына жеке-жеке төлем жасаудан бірнеше есе арзанға түспек. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды