Жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жол жағдайы – ерте заманнан маңыздылығын жоғалтпай келе жатқан мәселенің бірі. Ата-бабалар жылқы мен түйе малын тізгіндеп алыс елдермен сауда-саттық, дипломатиялық байланыс орнатқан болса, бүгінгінің олардан айырмашылығы көлігінде ғана. Нақтырақ айтсақ, жол қатынасы ел экономикасын дамытуға, жолаушылар тасымалын жақсартуға, кәсіпкерлікті дамытып, жүк тасымалын ұлғайтуға, сондай-ақ халықаралық, елішілік қатынастың артуына айрықша әсер етеді.  

image.png

Өңірлерді байланыстыратын күре жолдың да, ауыл-ауылға қатынайтын қара жолдың да жанға жайлы болғаны қандай жақсы. «Жол азабын жүрген біледі» дегендей, Ордабасы ауданындағы шешімін күткен күрделі мәселелердің бірегейі автокөлік жолдарының жайы болатын. Шұғыл түрде жөндеуді талап етіп келген аудан жолдарының жағдайы бүгінгі күні едәуір жақсарып қалған. Осы негізде, биылғы жылыТүркістан облысында биыл жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ордабасы ауданы Бадам ауылдық округіне қарасты Қарабастау ауылы С.Қалыбекұлы көшесіне асфальт төселді. 

Ордабасы ауданына қарасты округтердегі құрылыс жұмыстарын  “VEK-STROY-COM” ЖШС мердігер компаниясы жүргізуде. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды