«Green town south» егін жинау науқанын бастады

Ордабасы ауданы Боржар ауылдық округінде өнеркәсіптік алма бағына ие «Green town south» ЖШС егін жинау науқанын бастады.

image.png

Мұндағы жұмысшылар таңертеңнен кешке дейін 17 гектарлық бақтағы ағаштардан піскен жемістерді теріп, ағаш қораптарға мұқият орналастырады. Мұнда алманың керемет иісі бар! Бәрі жақсы сияқты көрінеді. Бірақ, компания басшысы Ғ. Атемовтың айтуынша, биылғы жыл қиын болған. Себебі, көгалдандыру ісі үлкен еңбекті қажет етеді. Үлкен тәуекелдерге баруға тура келеді. Аталған серіктестік алма бағығ егіншілік ісінде нәтижелі жұмыстар көрсетуде. Олар баудағы ағаштарға мұқият қарап, уақытында ұрықтандырып, зиянкестерден емдеуде. Ал, суару үшін тамшылатып суару әдісін қолданады. 

Шаруашылық иесі, биыл көктемде, гүлденіп тұрған бақты аяз қарығанын, ал жаз құрғақ болып шыққанын айтты. 

- Кейбір ағаштардың қатты ыстықтан жапырақтары мен жемістері түсті. Біз бес жүз тонна өнім алуды жоспарлағанымен ендігі кезекте кемінде үш жүз тонна жинауға үміттендік. Мұнда алманың «қызыл шпор», «қызыл дәмді», «фудзи», «брабурн» сорттары қызыл түске айналуы үшін бізге салқындық қажет. Маған бүріккіш жүйені қолдану керек болды. Яғни, күн сайын кешкі тоғыздан түн ортасына дейін ағаштар үшін жасанды жаңбыр жасалды. Қыркүйек айының басында әдеттегідей күн суытады деп үміттендік. Бірақ олай болмады. Жеміс қызыл түске боялды. Бірақ, түс біркелкі болмай шықты. Алманың 70 пайызы жерге түсті. Ал ағаштан үзілгендерді ғана сақтауға жібердік - деді Ғ. Атемов.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды