Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді

Ордабасы ауданында онлайн форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді. 

image.png

Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тарапынан "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына" сәйкес Ордабасы ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жәрмеңкесі онлайн форматта өтті. 

Жәрмеңкенің басты мақсаты - халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру. 

Жәрмеңкеде жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мемлекеттік қызметке қатысты сұрақтарға жауап берді. 

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.  

Жәрмеңкені онлайн режимде өткізу тәжірибесі жоғары тиімділікті көрсетті, өйткені желі қолданушылары тарпынан келіп түскен сын-пікірлерге жауапты мекеме мамандары шұғыл жауап беріп, бағыт бағдар берді. Мұндай мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі алдағы уақытта жалғасын табатын болады

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды