Әр мемлекет өз елінің әрбір аймағына ерекше көңіл бөледі. Сол сияқты қазақ елі үшін әрбір аймақ өз алдына айрықша. Соның бірі, ауыл шаруашылығына бейім Ордабасы ауданы. Дегенмен, аймақтың географиялық жағынан тиімді орналасуы өндірісті өркендетуге де мүмкіндік береді.
Осы негізде, Ордабасы ауданының Бадам ауылдық округіндегі Қазақ-түрік индустриалды аймағында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Бүгінде, қазақ-түрік индустриалды аймағында «Бизнестің жол картасына» енген полиэтилентерефталат (ПЭТ бөтелкелері) өңдеу жобасы үшінші жыл жүзеге асырылуда. Бірінші кезең аясында пластикалық қалдықтар жуылады, кептіріледі және «Green Technology Industries» ЖШС зауытында ұсақталады. Өнімнің бұл түрі флекс деп аталады. Мұнда қайта өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тіпті, қызметкерлері де нәтижелі жұмыстар атқаруда. Мұнда 90 адам жұмыс істейді. Ал қараша айында екінші желі іске қосылады, ал кәсіпорын штапельді талшықты шығара бастайды.
Ордабасы ауданында орналасқан "Бадам" қазақ-түрік индустриалды аймақтың құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Аталмыш индустриалды аймақ күні бүгінге дейін нәтижелі жұмыс көрсетуде.