Жыл өткен сайын төрт түлік басының артуы елді мекендердегі жайылымдық жерлерін өзекті мәселеге айналдырды. Ал, Ордабасы ауданында бұл мәселе тиімді жолға қойылып, шешімін тауып келеді. Алдағы уақытта, ортақ жайылымдық жер көлемі ұлғайтылады деп күтілуде.
Ордабасы ауданы бойынша жалпы жер көлемі – 265 561 гектар болса, оның 218 058 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер болып табылады.
Осы жылдың 28-30 шілде және 03 тамызында мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында бағаны көтеру әдісімен кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесін сату бойынша электрондық аукцион өткізілді. Аукционға 11 жер учаскесі шығарылды. Оның 7 жеңімпаз деп анықталып, 4 жер учаскесі бойынша қатысушылар тіркелмей қалуынан аукцион өткізілмеді деп танылған.
Жеңімпаз анықталған жер учаскелерінің жалпы сату бағасы 28 803 646 теңгені құрап, қазіргі таңда жеңімпаздар тарапынан 22 861 156 теңге бюджетке төленді. Сатып алу құны 6 088 340 теңгені құрайтын бір жер учаскесі бойынша жеңімпаз аталған тұлға келісім шарт негізінде сатып алу сомасын 30 күн ішінде төлемегендіктен, келісім шартты бұзу арқылы жер учаскесі қайтарылып алынды.
Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:
-Жыл соңына дейін аудандық қордағы мемлекеттiк меншiгіндегі ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiне құқықтарды беру үшін конкурстар ұйымдастыру;
-Кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелеріне құқықтар беру үшін жалпы кадастрлық құны 13 737 885 теңгені құрайтын 57334,6 (м2) шаршы метр жер учаскесіне (Шұбарсу, Темірлан, Қарақұм, Жеңіс, Бөген елді мекендері) аукциондар (сауда-саттықта)өткізу;
-Жыл соңына дейін аудан көлеміндегі 15 елді мекеннің аумағын кеңейту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Желтоқсан айында ҚР Жер кодексінің 84-бабына сәйкес, сот тәртібімен жалпы 2 350,45 гектар жайылым жерлер (Бадам а/о-879,45, бөржар-1033, Жеңіс а/о-438 га) аудандық қорға қайтарылып, ауыл округтеріне ортақ жайылым жер есебінде бекітіліп берілетін болады.