Ордабасы ауданында инвестиция көлемі артуда

Ағымдағы жылдың тоғыз айындағы көрсеткіш бойынша аудан кәсіпкерлерімен біріге отырып тартылған инвестиция көлемі 2,3 есеге артқан.  

image.png

Биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында аудан кәсіпкерлерімен өз кәсібін дамытуға және қаражат айналымын ұлғайтуға шағын несие ұйымдары арқылы 5857 адам 7 млрд. 358, 5 млн. тг. несие алды.

Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанды 2,3 есеге немесе 4 млрд. 280,5 млн. тг. артты.

Атап айтсақ:

«Ырыс» МҚҰ» ЖШС арқылы 98 адамға 503, 8 млн.тг, «КазМикроФинанс» (КМФ) Темірлан арқылы 3533 адамға 2 012, 9 млн. тг,

«КазМикроФинанс» (КМФ) Төрткүл арқылы 1844 адамға 1 329, 2 млн. тг,

«Арнур кередит» несие ұйымы арқылы 298 адамға 689,0 млн.тг, «АгроНесие Ордабасы» ЖШС – гі арқылы 24 адамға 117,0 млн.тг,

«Төрткүл несие» ШНҰ арқылы 17 адамға184,0 млн.тг,

«Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 32 адамға 148, 1 млн.тг несие беріліп, "Аграрлық кредиттік корпорациясы" АҚ – сы арқылы 11 жобаға 2374, 1 млн. тг. несие мақұлданды.

Тартылған несие көктемгі дала жұмыстарына, егін егуге, мал шаруашылығын дамытуға, жылыжай құрылысына, сауда айналымына, ауыл шаруашылық техникаларын, тұтыну тауарларын сатып алуға және кіші кәсіпкерлік кәсібін жаңадан бастауға бағытталған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды