Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар білімі. Жастар біліміне Қазақстанда айрықша назар аударылады.
Осы негізде, Ордабасы ауданында біршама жобалар қолға алынған. Осы орайда, аудандық Жастар ресурыстық орталығының жанынан шахмат үйірмесі ашылып, өз жұмысын бастады. Бүгінде аталған орталыққа жасөсіпірімдер күнделікті дәрістен тыс кезде келіп, Шахмат әліппесі, Шахмат тілін, шахмат ережесін, ойынның қыр-сырын меңгеруді үйренеді.
Сондай-ақ, Жастар орталығында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында " JasSTAR" спорт (жаттығу) залы жұмысын қайта бастады.
14-29 жас аралығындағы жастарды қабылдайтын бұл спорт зал дүйсенбі-жұма күндері жастарға ашық болады.
Жастардың тілдік білімін жетілдіру мақсатында орталық бастамасымен "FREE ENGLISH" жобасы қолға алынды. Мұнда 14 жастан асқан жастарға тегін ағылшын тілі курсында шет тілі үйретілмек.