Кентау-Түркістан әуежай аралығына 26 шақырымды құрайтын айналма жол салынуда.

Кентауда жол құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Әсіресе, шалғай көшелерді орталықпен жалғау жұмыстарына басымдық беріліп отыр.

image.png

--- Жол - тұрғындар үшін өте маңызды. Біз қала тұрғындарының жүріп-тұруына жайлылық жасау мақсатында алғаш рет үлкен жобаны жүзеге асырып отырмыз. Ол 2020-2022 жылдар аралығында мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобасы аясында қаладағы жалпы ұзындығы- 76,67 шақырым болатын 131 көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүзргізу. Жалпы биылғы жылды қоса алғанда 2020 жылдан бері қалада 53,3 шақырымды құрайтын 52 көшеге орташа, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде – деді қала әкімі Дәурен Махажанов.

Жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталуы қажет. Сондай-ақ, республикалық және субвенсия қаржыларына биылғы жылы қала мен елді мекендерде 28,3 шақырымды құрайтын ішкі жолдардың құрылысы қосымша атқарылады.

2022 жылы жоспарға сай қала көшелерін 100 пайыз қанағаттанарлық деңгейге жеткізу мақсатында 43 шақырым жол жөндеуге ұсынылатын болады. Сонымен қатар, Кентау-Түркістан әуежай аралығына облыстық маңызы бар 26 шақырымды құрайтын айналма жол салынуда. Ол келесі жылы аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, қауіпсіздік шараларымен қаланың 11 көшесінің қиылыстарына заманауи диодты 131 дана көлік бағдаршамы, 87 дана-жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдар, ақпараттық - нұсқағыш белгілерімен бірге орнатылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды