Кентау қаласының әлеуметтік - экономикалық даму қорытындысына сәйкес биылғы жылдың 7 айында жалпы өнім көлемі 29,3 млрд. теңгені құраған. Бұл көрсеткішті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,2% артық. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 43714,1 млн.теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артқан.
Қалалық бюджеттің кіріс бөлігі 102,2 пайызға орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға өскен.
Жалпы каратиндік шектеулердің әсері болғанымен, кәсіп иелеріде заман талабына бейімделіп, онлайн қызмет көрсетуде. Жалпы қалада әлеуметтік-экономикалық өсім бар.
Кентау қаласы өндірістік қала болғандықтан елді мекендерде ауыл шаруашылығы жерлері қарастырылмаған.
--- 2008 жылдан бастап Ащысай, Хантағы, Байылдыр поселкелеріне ауыл статусы берілді. Елді мекендерде өндіріс орындары толығымен тоқтатылған соң, жергілікті халықтың күн көріс көзі – мал шаруашылығына айналды. Алайда жайылым жерлер мүлдем қарастырылмағандықтан өзекті мәселеге айналып отыр.
Бүгінгі таңға Кентау қаласы әкімдігі тарапынан жоғарыда аталған ауылдарға шекаралас жатқан ауылдардан жайылым жер бөлу мәселесі бойынша біршама жұмыстарды атқардық. Яғни, «Азаматтарға арналған үкімет» корпарациясының Түркістан облысы бойынша филиалымен (жер кадастры) келісім-шартқа отырып, қаржысы төленіп, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде – деді қала әкімі Д.Махажанов.
Алдағы уақытта Хантағы, Байылдыр, Ащысай ауылдарына жайылым жер қосылады жеп жоспарланып отыр.